Исатай аудандық музейдің ұйымдастыруымен дәулескер күйші Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай аудандық «Күй атасы Құрманғазы» атты оқушылар арасында күй сайысы өтті.
Сайысқа Шәмшиден Шәріпов атындағы, Жанбай және Новобогат балалар саз мектебінің оқушылары қатысты. Оқушылар алдымен қоржыннан саңдар таңдап, өздерінің реттік нөмерлері бойынша өнерлерін көрсетті. Сайыстың бірінші кезеңіне қатысушылар Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерін орындап, әрімен қарай өз қалаулары бойынша күйлерін орындаумен жалғасын тапты.
Сайысқа аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Венера Асқарқызы, Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің домбыра пәні мұғалімі А.Каймқызы және аудандық музей меңгерушісі Г.Бақытжанқызы төрелік етті. Сайыстың қорытындысы бойынша Жанбай балалар саз мектебінен келген А.Бекіш, Д.Асқар, Ү.Набидолла және Новобогат балалар саз мектебінен келген М.Асалбай Алғыс хатқа ие болды.
Жас домбырашылар байқауында Ш.Шәріпов балалар саз мектебінің оқушысы Е.Берікқалиқызы 3-орын, Новобогат балалар саз мектебінен келген А.Мажит 2-орын, Ш.Шәріпов балалар саз мектебінің қатысушысы Е.Жұмажан 1-орын иеленіп, жеңімпаз атанды. Айта кетейік, бас жүлде Ш.Шәріпов балалар саз мектебінің қатысушысы Ә.Орынбасарға бұйырды.
Барша сайысқа қатысушыларға музей әкімшілігі атынан дипломдар мен арнайы кітаптар естелік сыйлық ретінде берілді.
Жұлдыз Сембиева