Исатай ауданында құқықбұзушылыққа қарсы есепте тұрған жасөспірімдер қатары сиреп келеді

Жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру – ата заңымызға деген сүйіспеншілігін оятып, сана-сезімінін дұрыс қалыптастырып,  әділетті тұлғаны даярлау. Әр адам өз құқығын біліп, көзі ашық, көкірегі ояу болуы тиіс. Тәртіпті бұзған адам көпшіліктің назарына ілігіп, айналасына келеңсіз пікір туғызып, дау-дамайға ұласып, бұның соңы үлкен мәселеге айналуы мүмкін.

Тәрбиеге әсер беретін, ата-ана тәрбиесі мен өскен орта. Отбасының тәрбиесі мықты бекімесе, өскен орта тәрбиесіне тез бейімделетіні анық! Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылыққа байланысты дөңгелек үстелдерді жиі өткізу дегеніміз  — заңға қайшы әрекеттерді болдырмау және оның алдын алу, отбасылық тәрбиеге демеу. Тәртіпті бұзған балаға заңның бар екенін және заңмен жазалатынын түсіндіріп, дұрыс жолға бағыттайтын ата-ана мен ұстаздың басты міндеті. Міне, осындай өтпелі кезеңдегі жасөспірімге мектептен бұрын  ата-ананың міндетті түрде қолдауы керек.

Әсіресе, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау факторы  тұрмыстық әл-ауқаты төмен, толыққанды емес отбасы, өгей әке немесе анамен бір шаңырақ астында тұратын балалар арасында  кездеседі екен.Бұны біз емес, тиісті мамандар оқушыларға жүргізген, сауалнама арқылы анықталып отыр. Осы орайда жуырда ғана  «жасөспірімдерге өмір құндылығын түсіндірудегі атқарылған қызметтердің нәтижесінде анықталған мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында аудандық дөңгелек үстел өткізілді.Оған аудан әкім аппараты, аудандық полиция бөлімі, аудандық аурухана қызметкері, отбасы қолдау орталығы, ата-аналар кеңесі, әкелер кеңесі, аналар кеңесі, мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар қатысты. 

Жиын аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиеваның төрағалығымен жүргізілді. Ол осы мобильді топтың бірлескен жұмыстарының нәтижесі туралы сөз қозғады.

Аталған жиында аудандық прокуратора жанынан құрылған мобильді топтың өкілі Жандос Қайдаров сөз кезегін алып, соңғы жылдары қоғамда отбасылық құндылықтарды сақтау және ересектер мен балалар арасында жақсы қарым-қатынас орнату мәслесі өткір тұрғанын атап өтті.

-Өтпелі кезеңде  гормондық және физиологиялық өзгерістердің салдарынан баланың мінез-құлқы да өзгереді. Оның белгілері- қызбалық пен ашушаңдық, мазасыздық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, тілазарлық, дөрекілік,ересектерге себепсіз қарсы шығу, өз құқығын қорғай отырып, өмірінің көптеген тұстарын ата-аналардың бақылауынан тыс ұстауы және олармен жиі жанжалдасуы, эмоционалдық тұрақсыздық көңіл-күйдің күрт ауытқуына әкеліп соғуы немесе қарама- қайшы реакциялар көрсетуі мүмкін. Мұндай іс әрекетін байқасаңыз бірден оған тарпа бас салмай,жай ғана үшінші ережені қолданыңыз. Бұл кезеңдегі балалар ақыл тыңдағанды ұнатпайды,себебі өздерін ақылды санайды. Біздің талдауымызға сәйкес кейбір ата-аналар тіпті 15-20 минут балаларымен ашық сөйлеспейді. Олардың арасында диалог, сапалы өзара іс-қимыл жоқ. Олардың көбі асығыс, жұмыс пен үй шаруасынан бос уақыт арасында ғана пікірлеседі. Ата-аналар тек мектептегі бағалары мен үлгерімдері туралы көбірек сұрайды, көңіл-күйге, хоббиге қызығушылық танытпайды. Осыдан балалар зардап шегеді, өйткені ішкі ойын толық ашып айта алмайды. Осы ретте ересектерге барынша мұқият және қамқор ата-ана болуды үйрету керек.Осы аудандық прокурор жанынан құрылған топ таяуда ғана аудандық полиция бөлімінің құқықбұзушылыққа қарсы есепте тұрған жасөспірімдердің қатарында Ж.Мырзағалиеа мектебінің оқушылары да бар, олардың жағдайын көзімізбен көріп келдік.Туған әкесі және өкіл анасымен тұратын балалардың  тұрмыстық жағдайы жақсы.Әл-ауқаты нашар деп айтуға тіпті келмейді.Оған көңіліміз толды.Бірақ, біз жүргізген сауалнамада олар суицид жасауға бейім екендігі байқалды.Сондықтан ең бірінші ата-ана баламен ашық сөйлесіп,кейін  мектеп ішіндегі психолог, сынып жетекшісі секілді педагог мамандармен тығыз-қарым орнатып, жұмыстарын одан әрі күшейткендері жөн деп ойлаймын.Ата-анасы мен мектеп арасында қарым-қатынаста жақсы дәрежеде болып, жіті бақылауда ұстауы қажет.Біз бұл қауіп-қатердің алдын алып, шешілмеген түйткілді шеше біліп,көмектесуіміз қажет– деді  ол.

Келесі сөз кезегі аудандық ата-аналар кеңесінің  төрайымы Шынар Махсутоваға беріліп, ұйымның ата-аналармен бірлесе жасаған жұмыс жайын қысқаша баяндады.

-Ата-аналар кеңесінің міндеті сан алуан.Сондықтан жүргізілген тәрбие жұмысы  өзінің психологиялық мазмұны жағынан жауапкершілікті, көп ізденісті талап етеді.Осы орайда  мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды.Бұл орталықтың басты міндеті, балалардың әл-ауқатын қамтамасыз  ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру,баланы жастайынан тәрбиелеу мен дамытуда ата-ананың жауапкершілігін арттыру болып келеді.Барлық аудан мектептерінде жоспардағы тақырыптармен танысу бойынша болатын кездесулер және ата-аналардан әртүрлі  жастағы 1-4, 5-9, 10-11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін сауалнама жүргізілді.Әр бағдарлама жылына 8 сабақты қамтиды, олардың 2-3 әр мектептің өзіне қатысты мәселелер ортаға салынып, өткізіліп тұрады.Орталықтың сабақтары аудан мектептерінде  кестеге сәйкес  әр түрлі форматта өтіп, осыған дейін 85 шара ұйымдастырылып, 4700 ата-ана қамтылған,-деген пікірін білдірді..

Осылайша, ата-аналар кеңесі мектеппен тығыз байланыс орнатып, жиі бас қосулар болып тұратындығын сөз етті. Жиынға қатысушы мектеп психологтары, тәлімгерлер ауылдық мектептердегі бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер туралы ортақ ойларын жеткізді.

Іс-шара соңында бөлім басшысы Гүлайна Құрманғалиева Аққыстау орта мектебінің педагог-психологі, күні кеше республикалық «SAMURYQ»  орталығының ұйымдастыруымен өткен тұңғыш Қазақстан педагог-психологтарының форумына қатысып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін Құрмет грамотасымен және «Қазақстанның үздік психологы» деген төс белгісін иеленген Гүлдәурен Меңдіғалиеваның жетістігін атап өтіп, оны марапатымен құттықтады. Сонымен қатар екі сағатқа созылған семинар Гүлдәурен Меңдіғалиева мен Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп педагог-психологі Эльзада Гинаятованың сергіту тренингімен аяқталды.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT