Исатай ауданында Конституция күні аталып өтті

Исатай ауданында Қазақстан Республикасының  Конституция күніне орай  «Жалын» мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Жиында алдымен сахна төріне Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі –көк  байрағымыз көтеріліп, Қазақстан Республикасының  әнұраны шырқалды.

Жиында аудан әкімі  құттықтау лебізін білдіріп,  біраз атқарылып жатқан ауқымды істер туралы айта өтті. Сонымен қатар, ел дамуына үлес қосып, аянбай еңбек етіп жүрген бір топ  азаматтарға ыстық ықылас танытып, алғыс хат пен гүл шоқтарын табыстады. 


Атап айтсақ, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі, учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Тілек Медеуов, «Жанбай» шекара бөлімшесінің аға технигі Құттыбай Сейілханов, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бейбарыс Саудабаев,аудан прокуратурасының іс-қағаздарын жүргізу инспекторы Данагүл Нұрғалиева, аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Саябек Шагиров, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жұмылдыру бөлімшесінің инспекторы Балжан Стамғалиева, аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Гүлшат Сиранова, облыстық нотариалды палатасының жеке нотариусы Біржан Социалов сынды азаматтар марапатталды.

Ардақты ағайындар, баршаңызды 30 тамыз - еліміздің ұлық мерекесі Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы даланың жазылмаған заңдарымен бірге Майқы би, Төле би, Қазыбек билердің қара қылды қақ жарған шешімдерімен бірге Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Әз Тәукенің жеті жарғысы сан ғасырлар бойы ұлы даланы мекендеген халқымыз үшін шамшырақ іспеттес болып, ел арасындағы тұрақтылық пен дамудың кепілі болды. 1995 жылы қабылданған қазіргі қолданыстағы Конституциямыз бұл – заңнамалық норма немесе ережелер жинағы ғана емес қоғамдағы барлық қарым-қатынастарды реттейтін заңдардан бастау алатын Ата Заңымыз! Бүгінде Конституциямызға сүйене отырып, елдің дамуы үшін аянбай тер төгіп жүрген азаматтарымыз аз емес, - деді Полымбет Хасанов
 Мерекелік шара соңы аудан өнерпаздарының сазды бағдарламасына  ұласты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521