Исатай ауданында коронавирусқа қарсы екпе алу жұмысы жалғасуда

Бүгін Исатай ауданында алғашқы отыз адам коронавирус инфекциясына қарсы екінші екпені алды.

Аудандық ауруханадағы екпе жұмысын фейсбук парақшамыздан оқырманға тікелей эфир арқылы ұсындық.

e

Бұған дейін, яғни, 3-ақпан күні ауданымыздан алғашқы 30 адам өз еркімен екпе алған болатын. Бірінші компонент ресейлік болса, екінші алынатын препарат - отандық, яғни, Қарағандыдан өндірілген «Гам-Ковид-Вак» екпесі.

Аудандық бас санитарлық дәрігер Бақытгүл Қартмағанбетова алғашқы екпеде адам ағзасындағы жартылай антиденелер түзілетінін, екінші вакцинадан кейін антиденелер көбейіп, вирусқа қарсы қорғаныс қимылы күшейметінін айтты.

ecpe-nur

Екпені аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан бастап аудандық бас санитарлық дәрігер, аудандық орталық аурухана басшылары мен дәрігер мамандары қабылдады.

ecpe-naz

Сұрап білгеніміздей, екпе алущыларда алғашқы екпеден кейін ешқандай кері әсер байқалмаған.

ecpe-san

Біраз қиын күндерді өткердік. Індет өршіген тұста емін іздеп, қиналдық. Енді, ол мәселе де өз шешімін тауып отыр. Сондықтан, бұл өте ауыр індеттен айығудың жолы екпе алу деп айта аламын, - дейді аудандық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Сержан Сандыбаев. Айта кетейік, облыс тұрғындарының сегіз санаты наурыз айынан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алуды бастайды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың ішінде медицина қызметкерлері, педагогтар, учаскелік полицейлер, студенттер, т.б. бар.

"СК Фармация" компаниясының алдын ала ақпараты бойынша, наурыз айында өңірге вакцинаның 7,5 мың дозасын, ал сәуір айында тағы 30 дозасын жеткізу жоспарланып отырған көрінеді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521