Бүгін Исатай аудан әкімінің орынбасары Нұрберген Утегеновтің қатысуымен «Қыс - 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
Алдымен аудан орталығындағы теміржол вокзалы ғимаратының алдында аудандық азаматтық қорғау қызметінің жауапты қызметкерлері, сондай-ақ, ауданның тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың күш-құралдар мен техникалардың әзірлігін тексеру мақсатында саптық тұрғызу ұйымдастырылды.
Осылайша, «Аудандық азаматтық қорғау қызметтерін құру туралы» шешімімен аудандық азаматтық қорғаудың 10 қызмет, 91 қызметкер, 27 түрлі техника түрлері жұмылдырылды. Атап айтқанда, өртке қарсы қызмет (аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық №6 өрт сөндіру бөлімі); қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі (аудандық полиция бөлімі); медициналық қызмет (аудандық аурухана); сауда және жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі (аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі, аудандық аумақтық инспекциясы, аудандық ветеринариялық станциясы); инженерлік, жанар-жағармай материалдары, жолдар және көпірлер қызметі (аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, аудандық құрылыс бөлімі, «Атырау су арнасы» ЖШС аудандық бөлімшесі);энергетика қызметі («Атырау-Жарық» АҚ Исатай аудандық электр жүйесі); коммуналдық-техникалық қызметі («ҚазТрансГазАймақ» АҚ Исатай аудандық газ учаскесі бөлімшесі); көліктік-техникалық қызметі («Жайықмұнайгаз» МГӨБ базасында); Радиациялық қорғау қызметі (аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Атырау облысы бойынша филиалының Исатай аудандық бөлімі); ақпарат және байланыс қызметі (аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі, «Қазақтелеком» АҚ Исатай аудандық желілік техникалық учаскесі, сондай-ақ, БАҚ өкілдері).
Оған қатысқан аудан әкімінің орынбасары Нұрберген Утегенов алдымен медицина саласы бойынша жедел жәрдем қызметі бақылап, қажетті құрал-жабдық, дәрі-дәрмектермен танысты. Қысқа дайындық барысын бағамдау үшін әрмен қарай қоғамдық тәртіпті сақтау, медицина, инженерлік, сауда, химиялық және радиациялық қорғау, ақпарат және байланыс, көліктік-техника, жолдар, энергетика, коммуналдық және техникалық, жанар-жағар май, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметтерінің сапын аралап, атқаратын қызметтеріне қатысты сұрақтар қойылып, ескертулер берілді.
«Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың соңында аудан әкімінің орынбасары барлық құрылымдардың өкілдерін қыс мезігілі келе жатқандықтан, қай уақытта болмасын әзір болу қажет екенін айтып, азаматтық қорғау қызметі мен құрылымдардың жұмысына сәттілік тіледі.
Сөйтіп аудандағы қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу, адам шығынын болдырмау және төтенше жағдайда ережеге сәйкес дер кезінде іс-қимыл атқаруды дұрыс ұйымдастыру мақсатында өткен оқу-жаттығу жұмыстары сала мамандарын бір пысықтаудан өтіп әрі біліктілігін шыңдады.
Сағыныш ҚАЙЫР