Исатай ауданында алдағы жылыту маусымына жоспарланған 30 жобаның 28-і толық орындалды. Сонымен қатар Қамысқала ауылдық округіндегі су тазарту ғимаратына сорғы орнату жұмыстары қыркүйекте аяқталады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Нұрбол Жампейісовтың айтуынша, 58 әлеуметтік нысан алдағы қысқы маусымға дайындық үстінде. Олардың ішінде 34 білім беру ұйымы бар.
⁃ Аққыстау ауылындағы білім беру мекемелері, балабақшалар, көпқабатты тұрғын үйлер мен қазандықтар, сондай-ақ электр генераторлары тексерілді. Бақылау барысында бірқатар кемшілік анықталып, олардың қысқы кезеңде қиындық туғызбауы үшін тапсырмалар берілді, - деді Н. Жампейсов.