Исатай ауданында МӘМС туралы түсінік жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 24-қарашасында Исатай аудандық. әкімдігінің мәжіліс залында өткен кездесуде медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы, қаржыландыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)жүйесі жөнінде түсіндірілді.

Аудан әкімінің орынбасары Н.Әбежанның төрағалымен өткен кездесуде арнайы облыстан келген Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б.Ғазизов, Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды мониторингілеу бөлімініңбасшысы Н.Хусанов, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Атырау облысы бойынша филиалының бөлім басшысы А.Каримжанов ауыл тұрғындарын толғандырған көкейтесті мәселелері бойынша сауалдарына жауап берді.          

448e48af-6937-46e1-8f98-9e029993c0c6                                                                                                                                          

МӘМС туралы Б.Ғазизов:

-Исатай ауданы бойынша 2022 жылғы 1-қараша жағдайына әлеуметтік медициналық сақтандырылмаған мәртебесіне ие 3171 азамат бар. Оның ішінде 1237 адам  жұмысшылар, 137адам азаматтық келісімшарт негізінде жұмыс жасаушылар,134 адам жеке кәсіпкерлер, 59 адам бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер, 37 адам дербес төлем төлеушілер,11 адам кезінде бір немесе бірнеше төлем жүргізгендер, 1556 адам мүлдем жарна төлемеген азаматтар.

Тағы бір тоқтала кететін мәселе, сақтандырылмаған азаматтардың ішінде жиі кездесетін санаттар бойынша есептен шықпай шетелге көшіп кеткендер, басқа ауданға,облысқа көшіп кетіп тұрғылықты жердің емханасына тіркелмегендер, зейнетақысын шетелден алатындар,күндізгі оқу орнында оқитын студенттер, Ауғанстандағы әскери қимылдарға қатысушылар және т.б.

Жұмыс беруші жалдамалы жұмыскерлер үшін жалақы деңгейінің 3% төлейді және қызметкерлер үшін 2% ұстап қалады. Азаматтардың жеңілдетілген 15 санатының ішінде жұмыс беруші жарна төлемейтін санаттар бар. Атап айтсақ,балалар, зейнетақы төлемдерін алушылар, мүгедектер,күндізгі бөлімде оқитындар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, -деді.Сондай-ақ МӘМС-ды ақпараттандыру бағытында жүргізілген жұмыстар туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Амиров, МӘМС-мен қамтылмаған азаматтардың мәртебесі туралы аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Г.Джумалиева, Исатай аудандық ауруханасы бойынша МӘМС туралы аудандық аурухана директорының міндетін уақытша атқарушы Б.Қуанышевбаяндама жасады. Жиын соңында тұрғындарды жеке қабылдау өткізіліп, заң аясында түсінік берілді.

d4885426-d8d5-448c-a135-9e12ad985418

                           Сағыныш ҚАЙЫР

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT