Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Аққыстау ауылында «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен мекемелер арасында футзалдан аудандық турнир өтті.
Оған аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат аппараты және аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі, Мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімі, Аққыстау, Тұщықұдық, Қамысқала,Жанбай, Нарын, Зинеден, Исатай ауылдық округі әкімінің аппараттары, Емхана, Саз мектебі ұжымдары қатысты.
Турнирдің басты мақсаты - спортшыларымыздың салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, өзара байланысын арттырып, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосу.
Жарыс нәтижесі бойынша 3 орынды аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі иеленсе, 2-орын Зинеден, Исатай ауылдық окргуі аппараты құрамасына бұйырды. Ал, Саз мектебі командасы жарыс жеңімпазы атанды.
Жекелей көзге түскен Смайлов Арсен, "Үздік шабуылшы" атанса, Пауеденов Нұрлан "Үздік қақпашы", Латифұлы Айтқабыл "Үздік ойыншы" аталымына ие болды.
Жарысқа әділ төрелік еткен Ерлан Құрманғалиұлына алғыс хат пен бағалы сыйлық табысталды.
Жұлдыз СЕМБИЕВА