ИСАТАЙ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

 4 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудан орталығында Қазақстанның өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі – мемлекеттік нышандарды ұлықтаған «Рәміздерім-Тәуелсіздігімнің белгісі» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды «Naryn many» газеті.

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік шараға аудан әкімі П. Хасанов, аудандық мәслихаттың төрағасы Н. Мусин, еңбек ардагерлері, мәслихат депуттаттары, мекемелер мен ұйымдар өкілдері, жастар мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.  Алдымен шарада  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Әнұраны шырқалды.

Жиында аудан әкімі Полымбет Максимұлы сөз сөйледі.

-Елдігіміз бен егемендігіміздің айқын белгісі болған 4 маусым –Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қасиетті Отанға, туған  жерге, өскен елге деген құрмет оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.  Отанның өзі осы Тудан, Елтаңба және Гимнен бастау алады.

Тарихқа көз жүгіртсек, 1992 жылдың 4 маусымы-еліміз үшін ерекше мәртебелі күн болды. Осы күні Қазақстан Республикасының Президенті Мемлекеттік Туы туралы, Мемлекетттік Елтаңбасы туралы және Мемлекеттік Гимннің музыкалық редакциясы туралы заңдарға қол қойды. Міне, сол күндерден бері 4 маусым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні болып аталып келеді және биыл осы тарихи сәтке 31 жыл толып отыр.

Мемлкеттік рәміздер –біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тарихымыз бен салт-дәстүріміздің шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздер арқылы ұлтымыздың әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Сондықтан да бұл күн барша қазақстандықар үшін патриоттық пен намыстың мерекесі!

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз қазақ халқының бойындағы ұлттық рухты арттырып, жастарымызға патриоттық күш беріп, шарықтай берсін! Елтаңбамыз еңселі, гимніміз айбынды, көк туымыз көкте желбіресін. Бірлігіміз жарасып, еліміздің болашаққа бастар жолында нық қадам жасап, ынтымағы жарасқан ел болайық! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болғай! Мереке құтты болсын, қадірменді жерлестері!-деді ол.

Шара барысында аудан өнерпаздары Д. Зұлхашев, Берікбол Қонаров, Айдана Бақытова, Болатбек Нұрбайұлы, Дана Жалғасбайқызы, Әділбек Жұмашев, Аманбек Тарихов тар «Елім менің», «Байтақ елім Қазақстан», «Жаңа ғасыр Қазақстан», «Көк тудың желбірегені» әндерін орындап, мерекелік шараның мәртебесін асқақтата түсті.

                                                                                      Аяпберген САЛИХОВ

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521