Исатай ауданында мобильдік топ қонақүйлерді аралады

Исатай ауданы әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топ мүшелері бірқатар қонақүйлердегі санитарлық талаптардың сақталуын қадағалады.

Бас мемлекеттік санитарияның 19.12.2020 жылғы №71 қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтану обьектілеріне жұмыс күндері 09.00-ден 22.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етіп, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс) фудкорттар тек жеткізу қағидасы бойынша жұмыс жасауға рұқсат етілген.

r

Осы бағытта аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топ мекеме қызметкерлеріне және келушілерге қаулыға енген өзгерістерді түсіндіре отырып, қонақ үйлердің санитариялық талапқа сай болуын тексерді. Тексеріс барысында қонақүй басшылары қонақүйдің жұмысын санитарлық талаптарға сай жүргізіп отырғанын және қаулыдағы өзгерістерге сай санитарлық талаптардың ары қарай да сақталатынын жеткізді.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521