Аудан орталығындағы №133 сайлау учаскесінде Исатай аудандық мәслихатының депутаты өз таңдауын жасады.
Депутат Сәкен Шарапиденұлы сайлауда әр адамның дауысы маңызды екенін айтты.
-Бүгін маңызды күн. Аудан әкімін сайлауда әркім өз қалауынша таңдау жасайды. Аудан дамуына тың серпіліс болады деген үміттемін. Халық қалаулысы жастар арасындағы жұмыссыздықты жойып, өңірдегі түйіткілді түйіндерді шешу жолында аянбай еңбек етеді деген пікірдемін. Сайлаудан күтеріміз көп,-деді мұнайшы, аудандық мәслихатының депутаты Сәкен Шарапиден.