Исатай ауданында «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы ашылды (+ВИДЕО)

11 желтоқсан күні Исатай ауданында «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы ашылып, сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды.

Ол туралы партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аумақтық сайлауалды штаб басшысы Айбатыр Бекішұлы брифингте мәлімдеді.

Жалпы саны 36 мүшеден тұратын штаб құрамына білім, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік салалары мен азаматтық сектор, жастар ұйымдары өкілдері және праймериз жеңімпаздары енген. Штабтың 7 мүшесі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие.

ac4f1315-8e1c-429c-9a67-04c900a66cfe

Жалпы кез келген партияның басты мақсаты сайлауда жеңіске жету екені белгілі. Бүгінгі таңда республика бойынша биліктегі басымдыққа ие және жауапкершілігі мол саяси күш ретінде «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында бірлік, тұрақтылық пен жасампаздықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарды жүзеге асыруға талпынып жүргені белгілі.

385ae85f-3704-4dbc-ab5f-461226966812

«Осы орайда алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты межелерді бағындыру жолында құрылған желілік кестеге сәйкес 15 мың адамды қамти отыра 143 іс-шара өткізу жоспарда. Оның ішінде 66 тікелей және 77 онлайн форматтағы кездесу жоспарымызда» деген Айбатыр Бекішұлы барлық шара Аққыстаудан басталып, одан әрі тізім бойынша барлық ауылдық округтерде жалғасатынын айтты.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Исатай ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521