Исатай ауданында оқушылар гандболдан сынға түсті

«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен.
Исатай аудандық білім бөліміне қарасты «Барыс» балалар-жасөспірімдер және дене шынықтыру даярлық клубының ұйымдастырумен гандболдан 5-6 сынып қыздар арасында аудандық «Ұлттық мектеп» лигасы өткізілді. 

Оқушылар арасындағы ойын өте тартысты өтті. Нәтижесінде «Өркен» орта мектебі 3-орын иеленсе, «Абай» орта мектебі 2-орынды місе тұтты. Ал топ жарып, алға шыққан Х.Нәубетов орта мектебі 1- орынды еншіледі.
Сонымен қатар, оқушылар арасынан Өркен орта мектебінің оқушысы Сафиназ Шаймардан «Үздік қорғаушы»  атағын иеленсе, «Үздік шабуылшы» марапатына Абай орта мектебінің оқушысы Нұрай Тілекқабыл, ал  Х.Нәубетов орта мектебінің оқушысы Адина Кетебайқызы «Үздік ойыншы» деген номинацияға ие болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521