Исатай ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары тағайындалды

0 votes

Исатай ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Исатай полиция бөлімінің әлеуметтік парақшасында.

Атырау облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен 2025 жылдың 6-ақпан күні Исатай ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары лауазымына полиция майоры Жұмағалиев Едіге Қажмұханұлы тағайындалды. 

Бөлім бастығы, полиция подполковнигі Данияр  Бимуханов жаңа орынбасарын бөлімнің жеке құрамына таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, полиция майоры  Едіге Жұмағалиев ішкі істер органдарында 2004 жылдан бері қызмет етіп келеді. Бұған дейін Махамбет ауданы полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімшесі бастығы қызметін атқарған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT