Исатай ауданында «Праймериз 2020» алғашқы жария пікірсайысы өтті

Бүгін, яғни, 16 қыркүйекте "Nur Otan" партиясы Исатай аудандық филиалының "Праймериз 2020" алғашқы жария пікірсайысы өтті.

Пікірсайыс - бұл үгіт жұмыстарының ауқымды бір бөлігі. Дебаттың мақсаты сайланбалы органдарға және партиялық кадрлық резервке үміткер азаматтардың ашық пікір алмасу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Алғашқы жария пікірсайыс аудандық "Жалын" мәдениет үйінде онлайн форматта өтті. Оған Серікқали Аубекеров, Асхат Жұмабеков, Ақкүміс Аманбаева, Мөлдір Мұханбетова, Арайлым Қалиева, Нұрхат Құмарбеков секілді үміткерлер қатысты.

"Партия бастамасымен еліміз бойынша партияішілік іріктеу - праймериздің ереже-талаптарына сәйкес үшінші кезең - үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Исатай ауданы бойынша кадрлық резервке 29 үміткер тіркелсе, солардың алтауы бүгінгі алғаш өтіп отырған жария пікірсайысқа қатысты.

Пікірсайыс 2 кезеңнен тұрды. Алғашқы бөлімде үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырса, екінші кезеңді әр кандидат бір-біріне сұрақтар қойып, соған жауаптар берілді" дейді "Nur Otan" партиясы Исатай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлы.

Айта кетейік, алдағы күндері онлайн түрде 5 жария пікірсайыс өтетін болады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT