ИСАТАЙ АУДАНЫНДА ПРОКУРОР АУЫСТЫ

Исатай ауданының прокуроры болып Медетбеков Дәурен Түзелбекұлы тағайындалды.

Дәурен Медетбеков еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Бұған дейін Жамбыл облысының Мойынқұм, Жамбыл аудандарында аудан прокурорының аға көмекшісі, көмекшісі, прокурор, кейінгі жылдары Жамбыл облыстық прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры, Тараз қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалау бөлімінің бастығы, Жамбыл облысы прокурорының табиғат қорғау заңнамасының қолданылуын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

2017 жылдың қараша айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы, Жылыой ауданының прокуроры қызметінде болған. Сыныптық шені - аға әділет кеңесшісі.

       

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521