Исатай ауданында Құрбан айтта сәбилерге сыйлық таратылды

Ұлық мереке күллі мұсылман мейрамы - Құрбан айт Исатай ауданында да атап өтілді.

Барлық карантин талаптары орындалып, Алла разылығы үшін құрбандыққа мал шалынды. Аудан орталығындағы арнайы дайындалған орында алты мүйізді ірі қара, үш қой малы сойылып, жүз отыз отбасына үлестірілді. Сонымен қатар облыс орталығынан Рауан қорынан жеткізілген сексен қорап азық-түлік таратылды.

Құрбан айт мерекесінің келесі күні ауыл бүлдіршіндеріне Құрбан айт құтты болсын деген арнайы қобдиша көшеде таратылды. Аудан орталығы Аққыстауда аулада жүрген сәбилерге 200 дана сыйлық тарататылып, мейрам күні ауыл имамы ойын балаларына қуаныш сыйлады. Ауданда барша мұсылман халқы тойлайтын Құрбан айт мерекесі ұлықталды.

- Ондағы мақсатымыз еліміздің бүлдіршіндері аман болсын, болашақтары жарқын болсын жәнеде ұлық болған мейрамдарды білсін деген ниетпен насихаттадық. Еліміздің жарқын жақта өмір сүруін нәсіп қылғай. Алла Тағала әрбір күнімізді жақсылықпен бергей, әрбір күніміз сәттілікке толы болғай. Құрбан айттан құрбан айтқа аман-есен жете берейік, - дейді бас имам.

Ержан ШЕРУЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521