Исатай ауданында Құрметті азаматтардың қатары толықты

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Исатай ауданының Құрметті азаматтарының» қатары тағы үш адамға толықты.

Исатай ауданында ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай салтанатты жиын өтіп, шараны аудан әкімі Марат Мурзиев аудан тұрғындарын ел мерекесімен құттықтап ашты. Одан соң мерекелік марапаттар табысталды. Еңбегімен еленіп, белсенділігімен танылып жүрген бір топ исатайлыққа облыс, аудан әкімдерінің, сондай-ақ облыстық, аудандық мәслихат хатшыларының алғыс хаттары, «Исатай ауданына - 90 жыл», «Атырау облысы мәслихаттарына - 25 жыл» мерекелік медальдары ұсынылды.

Мерекелік кеште Исатай аудандық мәслихатының шешімімен ішкі істер саласының ардагері Күмісбай Әбілхасановқа Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын, өмірден өткен жерлесіміз Жеңіс Аронұлына (ұлы Аронов Ақылбек Жеңісұлына), еңбек ардагері Құрмет Төлеуішовке ауданның Құрметті азаматы атағы берілді.

Шараның ресми бөлімінен соң аудандық «Жалын» мәдениет үйі ұжымының ұйымдастыруымен мерекелік концерт ұсынылды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз