Исатай ауданында құрбандыққа 6 сиыр, 3 қой онлайн шалынды

Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Арманбек Махмутовтың дерегінше, аудандағы ахуал тұрақты.

Берекесіздік орын алып, заң талабын өрескел бұзып жатқандар жоқ. Халық өз үйінде ғана құрбан шалғанымен, әйтсе де топталып жиналып, үлкен мерекелер, садақалар жасап жатқандар жоқ. Аудан халқына құрбан Айт күндері ықыласты жандар үшін құрбан шалу "qurban2020.kz" сайты арқылы жүргізілетіні хабарланды.

"Таңнан басталған қызу тірлік түске дейін ғана саябырсыды. Халықтың пейіліне тәнтімін. Ауданның кәсіпкер азаматтары бас қосып, 6 сиыр малын мал сою пунктінде сойдырып, ет 80 азық-түлік қораптарымен қоса, 100-ден аса әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға таратылмақ" деген аудандық Зинеден Құрасұлы мешітінің бас имамы, Құрбан-2020 аудандық штабының төрағасы Шалқар Дәулетханұлы бұған қосымша ашылған есепшотқа түскен қаражатқа 3 қой алынып, оның да еті ерікті бригадалар көмегімен мұқтаж жандарға таратылатынын айтты.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521