ИСАТАЙ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бүгін Республика күніне орай аудандық "Жалын" мәдениет үйінде "Қыран елім Қазақстан" атты салтанатты шара өтті.

Мерекелік іс-шараның алғы сөзін алған аудан әкімі Полымбет Хасанов аудан тұрғындарын Республика күнімен құттықтады.
Мерейлі мерекеде ауданның дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер және де әр салада қызмет атқарып жүрген бітқатар азаматтар марапатталды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның  Алғыс хатына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жансих Маштахов лайық деп танылды.
Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік экономикалық-дамуына үлес қосқаны үшін бір топ азаматтарға ауданның «Құрметті азаматы» атағы берілді. Ол марапатты  аудан әкімі Полымбет Хасановпен бірге аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Аманжол Рахметов табыстады.
Олар, еңбек ардагері - Рахметқали Жұбанов, білім саласының ардагерлері - Балғаным Қайырлиева, Амангелді Қапаров, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Нұрлан Мұханбеталиев және де осы номинация бойынша бүгінде арамызда жоқ, қаржы саласының ардагері Есболған Алмағанбетовке берілді. Оны осы шараға арнайы келген отбасына(жары мен ұлына) табыс етті. 
Одан бөлек, ауданның әлеуметтік экономикалық-дамуына үлес қосқан еңбек ардагері - Қадыр Көпбергенов, теміржол саласының ардагері - Байдулла Тәкенов, мұнай саласының ардагері Талап Шамаров және де Ветеринария саласының ардагері Мәлімқожа Жағыпаров «Құрмет» грамотасымен ұлғыланды.
Атаулы мерекеде марапат легі мұнымен шектелмеді. Әрмен қарай, Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай - мемлекеттік қызмет және мәдениет саласының ардагері Қабиболла Мұханбетов, еңбек ардагері Жанбатыр Қажиденов, БЖСМ-нің директоры Бұрхан Оралбеков  “ДАУЫЛПАЗ” медалімен наградталды.
Келесі кезекте аудандық «Naryn tany» газетінің 70 жылдық мерекелік медалі Қамария Қапсалық, Марзия Пазылова, Жәнібек Ещанов, Дәулетқали Аруев сынды аға-буын өкілдерге табысталды! Олар осы газеттің сапалы дайындалуына үлес қосқан ардагерлердің бірегейі!
Сондай-ақ, Ұлттық мерекеміз Республика күніне орай аудан әкімінің алғыс хатымен аудандық "Су тазарту, тарату" орталығының операторы Мұратбек Актаев,  "Ембімұнайгаз" АҚ Жайықмұнайгаз басқармасының басқару аппаратының әкімшілік шаруашылық қамтамасыз ету тобының кеңсе меңгерушісі - Райса Кубесова, аудандық аурухананың хирург медбикесі - Гүлмаржан Зинешқызы, «Балдырған» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі - Нұргүл Абилхасанова, Жанбай ауылдық мәдениет үйінің директоры - Құралай Қапсихова, аудандық Халық банк басқармасының контролер кассирі - Саягүл Жұмажанова марапатталды. Мерекелік шара соңы аудан өнерпаздарының сазды бағдарламасына ұласты.

                                          Сағыныш ҚАЙЫР 
 

 


 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521