Исатай ауданында Республика күніне орай дебат ойыны өтті

Республика күніне орай аудандық балалар кітапханасында -  аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің  ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында дебат  өткізілді.


Сондай-ақ, ойын ережесін қадағалаушы,жүргізуші жоғары да аталған мекеменің бас маманы Венера Мұхитова.
Оқушылар пікірсайыс барысында берілген "Қазақстанды әлемге таныту бағдарламасын ұсынады" және "Оян, Қазақ" фильмі тек ұлттың рухын емес, күллі Қазақстандықтардың рухын оятты деп есептейді" - деген 
қарарларды ашық алаңда талдай отырып, өз ойларын айқын жеткізе білді. Бұл ойында әділқазылар әділ төрелік етіп, елдің ертеңіне алаңдайтын жастар үшін шын қуанды.
Осылайша ойын нәтижесі сараланып,  "Ақиқат" тобы (Өркен мектебі) алғыс хат иеленсе, "Әлем" тобы (Абай орта мектебі) 3 - орынды місе тұтты.Ал көптің көзіне түсе білген "VOID Raiders" еркін құрамасы 2-орын еншілесе, жүзден жүйрік болып алға суырылып шыққан «Аманат» тобы 1-орын иеленіп, үздік деп танылды.Айта кетейік,ойынға белсенді қатысқан барлық құрамаларды жеке кәсіпкер, аудандық мәслихат депутаты Ақмарал Тахаева демеушілік жасап, қаржылай сый-сияпат ұсынды.
    
                                                   Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521