Исатай ауданында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады

Исатай ауданы бойынша №6 және №10 бірмандаттық сайлау округтері бойынша шығып қалған аудандық мәслихат депутаттарының орнына сайлау басталды.

Сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындаумен бастады.
 Аққыстау ауылдық округі бойынша №139 сайлау учаскесі орналасқан Ш.Шәріпов саз мектебінде сайлаушылар саны -1442, Жанбай ауылдық округі бойынша №135 сайлау учаскесі -"Жанбай ауылдық мәдениет үйінде" орналасқан. Ондағы сайлаушылар саны -1870.

Сайлау учаскелері өз жұмысын сағат 20:00-де аяқтайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521