Исатай ауданда 1-30 қараша аралығында «Сіздің учаскелік!» атты республикалық акция өтеді.
Акцияның мақсаты – халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру, учаскелік полиция инспекторлары мен әкімшілік учаскелерде тұратын азаматтар арасында әріптестік қатынастарды құру және дамыту, олардың қызметінің тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу.Іс-шара кезінде учаскелік полиция инспекторлары пәтерлер мен аулаларды аралап, сол аумақта тұратын азаматтармен жолығады. Бұқара жұрт кездесуде өздерін мазалайтын сұрақтарын қоя алады.