Исатай ауданында «Іскер ана» жобасы өткізілді

Кеше Исатай ауданында көпбалалы, жалғызбасты, аз қамтылған аналарды оқыту және оларға өз кәсіптерін ашуға жәрдем көрсету мақсатында «Іскер Ана» жобасы өтті.

Облыс әкімінің қолдауымен, Атырау облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Таң» қоғамдық қорының жетекшілігімен және Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің атсалысуымен өткен шара Исатай аудандық жастар ресурстық орталығы залында өтті. Жобаға ауданымыздан өз өтініштерімен 34 ана қатысты.

1109222

Тренинг түрінде өткен алғашқы бөлімде Атырау қаласы «Ғасыр» оқу орталығының тренер-психолог мамандары Ғайни Сұлтанова және Бибігүл Шайхиева жетекшілік етіп, барлық қатысушы аналарға дәрістер оқумен қатар, арманға жетуге жолында адам бойынан табылуға тиіс қабілет, қасиеттерді әртүрлі логикалық ойындар, сұрақтар арқылы көрсетіп, қатысушы аналарға көтеріңкі көңіл-күймен қоса күш-жігер сыйлады. Жобаның алғашқы бөлімі соңында аталған оқу орталығының ұйымдастырушысы Ақбөбек Баязитова барлық қатысушы аналарға сертификатты табыстады. Жобаның екінші бөлімінде қатысушыларға өздері таңдаған әр кәсіпті «Шұғыла» мейрамханасы, «Зайнаб» сұлулық салонында іс жүзінде үйреніп, машықтануға жағдай жасалды.

11iscer

Аталған жоба арқылы ауданымызда тігіншілікті – 4, аспаздықты - 13, маникюр маманын – 7, сәндеуші маманын – 5 және шаштараз мамандығын – 5 ана дәріс алды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521