Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту аясында жастар арасында «Таза қол!», «Сыбайлас жемқорлықсыз жарқын болашақ!» атты акция өтті.Бұл акция ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы департамент қолдауымен және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Шараның мақсаты – этномәдени бірлестіктердің, шығармашылық ұжымдардың әлеуетін пайдалану арқылы қоғамда мемлекеттік қызметтің оң имиджін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жұртшылықты парақорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.
-Құрметті аудан тұрғындары, қадірменді жастар! Бүгін ауданымызда жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында өткізгелі тұрған акцияға баршанызда қош келдіңіздер!Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында ауданымызда орналасқан мекеме, мемлекет органдар,кәсіпорындар арасында тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.Сондай-ақ, ауданның болашақ жастарына жарқын келешек тілеймін!Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында сіз болып,біз болып бірлесіп атқарар жұмыстар көп.Біздің таңдауымыз –жарқын болашақ ғана болуы тиіс,-деді аудан әкімі Полымбет Хасанов.
Сондай-ақ, бұл іс-шараға арнайы келген облыс департамент басшысының орынбасары Нұрлан Жахин да қатысқан еді.Кезекті сөз кезегі берілген ол: -құрметті аудан тұрғындары!Осындай акцияға мектеп оқшылары қатысып отырғандығына өте қуаныштымын!Расында да, жарқын болашаққа жету үшін білімді де, адал,білікті мамандар қажет.Біздің ең басты мақсатымыз мемлекет басшысы тапсырған тапсырманы орындап,жемқорлыққа қарсы күресімізді күшейту. «Ұядан не көрсең,ұшқанда соны ілесін» дегендей тек ғана жақсылықтар көріп,жетістіктерге жете беріңіздер!-деп жылы лебізін жеткізді.
Айта кетейік, бұл шарада «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!», «Жемқорлықсыз жарқын болашақ», «Ұрлама,Ұрлатпа» деп мектеп оқушылардың қолында плакаттар ұрандап тұр.
Сағыныш ҚАЙЫР