Исатай ауданында тағы бір ІТ сынып ашылды

Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында атап өткендей, цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді.

Сондықтан Үкімет ІТ-саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстап отыр.

itc1

"Nur Otan" партиясы Исатай аудандық филиалының қолдауымен Х.Ерғалиев ауылындағы Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектеп базасында ІТ сынып ашылды. Бұл ауданымыздағы - екінші сынып.

itc3

Естеріңізде болса, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған жоба аясында былтыр да Абай атындағы орта мектепте дәл осындай сынып ашылған болатын. Бүгінде жоба сәтті жүзеге асырылып, оқушылар үшін өз жемісін беріп келеді.

itc2

Филиал төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлының айтуынша, мұндай сыныпты ашудағы мақсат - балалардың қазіргі заманғы бәсекеге сай білім алуына мүмкіндік жасау. Осы мақсатта қазір қызу жұмыс жүріп жатыр.

Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптарын іске қосу үшін негізгі оқыту бағдарламасы ретінде британдық «Love to code» бағдарламалауының халықаралық білім франшизасы пайдаланылуда. Әр сыныпта дәріс беретін мұғалімдер болады. Олар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасында ашылған «ІТ-мамандарын даярлау орталығында» арнайы дайындықтан өткен.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT