Исатай ауданында Ту көтеру рәсімі өтті

Сурет автордан

Бүгін Исатай аудан орталығындағы "Тәуелсіздік" алаңында 25 қазан – Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

Салтанатты жиында алдымен мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, еліміздің Әнұраны шырқалды.

Алғы сөз легін алған аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, тұғырлы Тәуелсіздігіміздің , айбарлы азаттығымыздың айғағы биік болсын деген жылы тілегін жеткізді.

Бұл шараға аппарат басшысы, мекеме басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер мен ауыл тұрғындары, жастар қатысты.

Салтанатты шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды

 

Сағыныш Қайыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521