Исатай ауданында тұмау мен індетке қарсы семинар өтті

Исатай аудандық ауруханасында "Тұмау мен басқа да жіті респираторлық жұқпалардың алдын алу" тақырыбында семинар өтті.

Бұл туралы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызыметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

2409seminar

Басқарманың ұйымдастыруымен жүзеге асқан шараға аудандық және ауылдық мекеме дәрігерлері, орта буын медицина қызыметкерлері, сонымен қатар білім беру объектілерінің медбикелері қатысты.

240920-sem

Семинарды аудандық аурухана директоры С.Байжанов жүргізді. Басқосуда аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызыметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Б.Картмаганбетова "ЖРВИ және тұмау инфекциясының алдын алу және індетке қарсы шаралары" туралы баяндама жасаса, аудандық орталық ауырухана ВОП дәрігері А.Есмуханова да осы тақырып аясында презентация көрсетті. Сонымен қатар, тұмауға қарсы профилактикалық егуді жүргізу, анафилактикалық реакциялар, асқынулар, тұмаудың жүкті әйелдерге әсері жайлы баяндамалар оқылды.

Шара соңында мамандар тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Байболат СҰҢҒАТОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT