2023 жылдың 17-19 шілде аралығында Исатай ауданында “Түнгі қаладағы балалар”республикалық жедел - профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты-жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын-алу,оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу,кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау,олардың құқықтық сауаттылығын арттыру,сондай-ақ,балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын-алу болып табылады.
Шара барысында түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуын,құқық бұзушылықтар жасауға бейім кәмелетке толмағандар тобын,оларды құқық бұзушылық жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ,қоғамдық орындар мен көшелер,жастар көп шоғырланатын орындар тексеріліп,үнемі түнгі рейдтік шаралар жүргізілетін болады.
Осы орайда кәмелеттік жасқа толмаған балаларды ата-аналар назардан тыс қалдырмауын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуін және түнгі уақытта жүрмеуін қадағалауын ескертеміз.