Исатай ауданында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Исатай ауданында тыл ардагерлеріне биыл да ерекше құрмет көрсетілді.

til121

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 75 жылдығы мерекесіне орай ауданымыздағы "Nur Otan" партиясы бастауыш ұйымдарының бастамасымен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетті.

t

til123

- Адамзат баласына зор қасірет әкелген сұрапыл соғысқа тойтарыс беріп, бейбіт өмірге жол ашқан ардагерлеріміздің асқан ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегі жыл өткен сайын жаңғырып, даңқы арта берері сөзсіз. Бүгінде ауданымызда көзі тірі 194 тыл ардагері бар. Біз де мерекеге орай бастама көтеріп, округ әкімдерімен бірге оларды арнайы құттықтаған болатынбыз. Осы шараға қолдау көрсеткен аудандық салалық бөлімдер, мекеме қызметкерлері және мәслихат депутаттарына "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы атынан рахмет айтамыз, - дейді филиал төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлы.

til124

Тыл ардагерлеріне сонымен қатар "Nur Otan" партиясының төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің құттықтау хаты мен "Nur Otan" партиясы Исатай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Мурзиевтің құттықтау хаты және демеушілердің көмегімен азық-түлік себеттері табыс етілген.

til125

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521