№139 сайлау учаскесінде де дауыс беру қызу жүруде. Бұл учаскеде ертемен келіп, алғаш дауыс берген Жаңылсын Салихова апай. Ерте келген дауыс берушіні сайлау комиссиясының төрағасы Ербол Ақтанов естелік сыйлықпен марапаттады. Сонымен қатар, ауданымызда бірнеше өндіріс орыны бар екені белгілі. Аталған учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, вахталық әдіспен жұмыс жасайтын жұмысшыларға да дауыс беру үшін мүмкіндіктер жасалған.
Қазірдің өзінде Н.Балғымбаев кен орнынан 250-ге жуық, ал Оңтүстік-батыс Қамысты кен орнынан 100-ге жуық мұнайшы дауыс беріп үлгерді.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметнше, Атырау қаласынан және облысымыздың өзге де өңірлерінен 297 жұмысшы, өзге облыстардан келген 49 азамат тіркелген. Алайда барлық жұмысшыларға да дауыс беру құқығын пайдалану үшін мүмкіндік жасалған.