ИСАТАЙ АУДАНЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Кеше ауданымызда Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай, 1985 жылы туған Аққыстау орта мектебі түлектері және «Барыс» спорт клубының ұйымдастыруымен ұстаздар арасында волейболдан турнир өтті.


Турнирдің ашылу салтанатында Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғаділ Боранбаев ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілесе, ардагер ұстаз Ерболат Насимуллин спорттық сайыстардың жиі өтуі салауатты өмір салтын ұстануға ықпал ететінін айтты.


Шараға ауған соғысының ардагерлері Қадырәлі Ғұмаров, Нұрқуат Рысқалиев, Әлмұрат Мұхтаров, Жантемір Тастанов, Болат Мусин, Есім Мұратов және Ауған соғысы ардагерлері Одағы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Толыбай Шүкіров қатысты. 


Жарыстың ашылу салтанатынан кейін басталып кеткен сайыста командалар тартысты ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының командасы  ІІІ орынды, Аққыстау орта мектебі командасы ІІ орынды иеленді. Бабы мен бағы келіскен жанбайлықтар І орынды жеңіп алды. Көрермен көзайымына айналып, үздік ойын көрсеткен қатысушылар да елеусіз қалған жоқ.
Атап айтсақ, Махамбет Ахметқалиев «үздік қорғаушы», Тауфих Түсіпқалиев «үздік жалғаушы», Руслан Торғаев «үздік шабуылшы» атанса, «Ең үздік ойыншы» атағына Рафаэль Нәубетов ие болды.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521