Жанбай ауылдық округіндегі №135 сайлау учаскесінде өзге өңірдің азаматтары дауыс берді.
Олар – Жанбай шекара бөлімшесінде Отан алдындағы борышын өтеп жатқан сарбаздар және әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері.
Жанбай шекара бөлімшесінің бастығы, капитан Ерсайын Қанатұлының айтуынша, дауыс беру үшін алдын ала сайлау учаскесіне тіркелген. Қостанайлық 16 сарбаз өз таңдауларын жасаған. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін қоса есептегенде, барлығы 33 адам дауыс берген.
-Қазақстанның қай жерінде жүрсең де, дауыс беруге мүмкіндік бар. Біз сол құқығымызды пайдаланып, өз таңдауымызды жасадық.