Көктемгі су тасқыны көпті сергелдеңге салды. Көптен қоңыраулатып, дабыл қаққанымен тек салдармен ғана күресуге мәжбүрміз. Өкініштісі де сол. Айтып келген апат бірқатар өңірлерді қиындықтармен бетпе-бет әкелді.
Еліміздің орталық, солтүстік, шығыс бөлігіндегі өзендер деңгейі қарқынды түрде көтеріліп, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары қауіптің құрсауында қалды. Төтенше жағдай орын алған уақыт жұдырық болып жұмылып, бір мүдде жолында күш біріктіретін күрделі кезең. Мұны мәртебелі міндет жүктелген шекарашылар терең түсінеді. Осы орайда, апат орын алған аймақтардағы ҰҚК Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменттеріне қарасты Жанбай шекара бөлімшесінің жеке құрамы апаттық жағдаймен арпалысқан Исатай ауданы, Жанбай ауылының тұрғындарының жанынан табылып, көмек қолын созды.
Жергілікті аймақтардағы жасыл күнқағарлылар су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою бойынша ілкімді істерді жүзеге асыруда. Атап айтар болсақ, ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті құрамындағы «Жанбай» шекара бөлімшесінің жеке құрамы Атырау облысында төтенше жағдай жария- лануына байланысты жедел ден қою және үйлестіру жұмыстарын жақсарту мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі мен жер- гілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауыл тұрғындарынан жасақталған еріктілер жасағымен бірге апаттық-құтқару жұмыс- тарына ат салысты. Шекарашы жеке құрамның қатарында ты- нымсыз жалғасып жатқан алдын алу шараларының бел ортасында жүріп, ауыл іргесінің сөгілмеуіне үлкен жауапкершілікпен қараған әскери қызметшілер де аз емес.
Жыл жаңартқан сәуірдің алғашқы онкүндігінде қатаң қыстағы қардың күрт еруі Құлсарыдағы ағайынның да алқымынан алды. Су тасқыны басталғалы тұрғындармен бірге шекарашы жас сарбаздар да батпан жүкті қатар көтерді. Қазіргі таңда Шекара қызметіндеде әр қалалардар яғни Астана, Шымкент және басқа да қалалардағы қоғамдық бірлестік филиалдарынан қаржылай көмек жіберілуде.
Қазіргі таңда Атырау қаласындағы өңіріндегі ахуал да тұрақталды.
–Аудан және ауыл азаматтарын бірінші кезекте қауіпсіз аймаққа эвакуациялау орындарын дайындау бойынша жұмыстары жедел түрде жүзеге асырылды. Әр адамның амандығы баршамыз үшін қымбат. Тұрғындарда түсіністік танытып, тиісті нұсқауларды орындауы қажет. Сонда ғана осынау тығырықтан шығамыз. Азық-түліктері таусылып, дәрі-дәрмекке мұқтаждықты болдырмау үшін әрбір шекарашы да көмек қолын созуға қашан да даяр. Себебі, бұл бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын нағыз сыналатын шақ,
Осындай қысыл-таян шақта Исатай ауданына қарасты Жанбай, Зинеден, Аққыстау ауылдарына құм салынған қаптар жөнелтіліп, оны төсеу жұмыстарына ауыл тұрғындарымен қатар сарбаздар да белсене кірісті. Қол көмек көрсету сынды мазмұндағы шараларда барынша алда болуға тырысамыз.
Осы сипаттағы төтенше жағдайлар арқылы кері кеткен көшімізді қайта сайлап, олқылықтардың орнын толтыра аламыз. Бірақ бұл қарашаның аспанындағы қара бұлтты сейілте алса... Топан судан торығып, бастарын бәйгеге тіккен халыққа дәл қазір қолдау қажет. Әркім өзінше дем беріп,осы бір нәубетті артқа тастауымыз олжа. Жағдай тұрақталғанға дейін де, кейін де шекарашылар елмен бірге. Себебі жасыл күнқағарлылар жанкештілікпен күзеткен қасиетті топырақтың егесі сол – халық!
Береке Есенбай
Жанбай шекара бөлімшесінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары