Исатай ауданында жас отбасы сәбиімен келіп, дауыс берді

Аққыстау ауылында тұратын жас отбасылар өз таңдауларын жасады.

Солардың бірі аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Азамат Балмурзиннің отбасы. Азамат пен жары Эльза Қазекешова №133 сайлау учаскесіне жас сәбилерімен келіп, дауыс берді.

–Еліміз үшін маңызды шараға баламыз кішкентай болса да, арнайы келдік. Маңызды күн болған соң осында бет алдық. Барлық қазақстандықтарды осындай маңызды күні белсенді болуға шақырамын. Әр адамның дауысы маңызды,-дейді отағасы Азамат Балмурзин.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521