Исатай ауданында жас жұбайлар маңызды күнде маңызды таңдау жасады

Бүгін Аққыстауда үйленіп, отбасын құрған жас жұбайлар азаматтық міндетін орындау мақсатында №133 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Бейбарс Төлегенов пен Ару Нысанбекқызы бүгін үйленіп жатыр. Өз өмірлеріндегі маңызды күнде жас жұбайлар ел болашағы үшін таңдау жасады.

-Көңіл-күйіміз өте керемет. Сайлауда дауыс беру - әр қазақстандықтың азаматтық міндеті. Себебі, бұл – мемлекетіміздің болашағы үшін жасалатын таңдау. Тойымыз да бүгін өтеді. Бірақ бұны алдын ала жоспарлаған жоқпыз, сайлау күні мен үйлену тойымыз бір күнге сәйкес келіп қалды. Бірақ кеше «сайлауға міндетті түрде қатысамыз» деп шештік,- дейді отбасын құрып жатқан Бейбарыс Төлегенов.

 

d5b2cf72-7281-47cc-8878-228a719654b0

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT