Исатай ауданында жастар форумы өтті

Бүгін ауданымызда Жастар жылын қорытынды шарасы - «Тәуелсіздік. Жастар. Болашақ» тақырыбында форум өтті.

forum3

Аудан жастарының қатысуымен өткен ауқымды шараны ашқан аудан әкімі Марат Мурзиев жиналғандарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен, аудан жастарын жеткен жетістіктерімен құттықтады.

nur-f

azil-f

Форумға ауданнан түлеген, бүгінде әр саладан үлкен жетістіктерге жетіп жүрген белсенді жастар спикер ретінде сөз сөйлеп, ойларымен бөлісті. М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының актері, Атырау мұнай және газ университетінде Жастар саясаты және мәдениет басқармасының маманы, Нарын ауылының тумасы Әзілхан Серікбайұлы, 2017 жылғы Исатай жастарының «Жыл таңдауы» сыйлығының иегері, облыстық мұнайшылар арасындағы жарыстардың жеңімпазы, «ЖайықМұнайГаз» Мұнай-газ өндіру басқармасының мұнайшысы Әбділмажит Сәйфеденұлы, биылғы Астанада өткен форумда «Ел үміті» марапатына ие болған «Қапсихов» шаруа қожалығының басшысы Мерей Меңдекенұлы, облысқа танымал асаба, жастар жанашыры Мақсот Мәлімқожаұлы, «Жас проджект» жобасының Атырау облысы бойынша грант менеджері, «БастаUP» қоғамдық қорының басшысы Нұрлыгүл Мукарамқызы, ауданымыздан шыққан белгілі спортшы, Исатай балалар жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, қазіргі уақытта «Достық» су спорт түрлері бойынша Ақтөбе облыстық жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Серікбол Мұхитұлы, «Қол соз» еріктілер клубының жетекшісі, Аққыстау орта мектебінің 11 сынып оқушысы Перизат Ерболатқызы сахнада өздерінің жеткен жетістіктеріне тоқталып, жастарға қозғау болардай жігерлі сөздерін арнады.

forum23

Сондай-ақ, форумда экранда осы ауданнан түлеп ұшқан, бүгінде шет елде білім алып немесе қызмет етіп жүрген бірқатар жастардың ыстық сәлемдемелері көрсетілсе, осы жылы алты ай бойы жүзеге асқан «Жас проджект» жобасының грант иегерлері өнімдерінен көрме жасақтап, көпшілік назарына ұсынылды.

forum-z

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521