Исатай аудан орталығы «Тәуелсіздік» алаңында Жастар ресурстық орталығының құрылғанына 10 жыл,сонымен қатар 12-тамыз «Халықаралық Жастар күніне» және Исатай ауданының 95 жылдығына орай «Мен жастарға сенемін» атты мерекелік концерті өтті.
Кеш шымылдығы ауданның бір топ белсенді жастарының орындауындағы «Балбырауын» күйімен ашылды. Иә, жастар қашан да, қай ғасыр болмасын елдің ертеңі саналады. Сондықтан жас буынның өнерлі де өренді, талапты да талантты болғаны абзал. Ал, аталмыш кеште сегіз қырлы бір сырлы, ауданның жалындаған жастарының өнеріне толы болды. Кешке арнайы қатысқан аудан әкімі Полымбет Максимұлы талапты жастарды мерекемен құттықтап, «Алғыс хат» табыс етті. Атап айтсақ, Ербол Есмағила, Жансая Рысқалиева, Айбол Жолдасов, Гүлден Еркін, Арман Абат аудан әкімдігінің Алғыс хатымен марапатталды. Оған қоса аудан әкімі Атырау облыстық Ішкі саясат және тілдерді дамыту басқармасының алғыс хаттарын Дидар Жеткін, Думан Дүйсенбаев, Азамат Балмурзин, Назерке Талғатқызы және Дастан Әділбекұлына табыстады.
- Аудан жастары бүгінде түрлі мәдени, спорттық, шығармашылық жобалармен қарқын түрде айналысады. Қазіргі таңда жастар қозғалысының көшбасшылары барлық жас ұрпақты көштеріне ілестіріп, оларды жақсы істерге бағыттауда жұмыс атқаруда. 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында– 397 жас жұмыспен қамту шараларына тартылды. Олардың қатарында «Бастау бизнес», «Самғау» жобаларын,мемлекеттік грант алған жастар да бар.Жастраымыз қандай да бір игі істің басы-қасында жүріп, әрдайым белсенділік танытады. Олардың күші бірлікте. Біздің де орталықтың мақсаты отансүйгіш, өнерлі, дені сау және білімді жастардың қатарын көбейту,-деді аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Азамат Жанболатұлы.
Сонымен қатар, облыстық, аудандық шараларға белсенді қатысып жүрген жастарды аудандық мәслихат депутаты Асхат Жұмабекұлы мерекемен құттықтап, ізгі тілек білдіріп, Ерқанат Блмурзин, Ернұр Темірхан, Анар Шугупан, Алмас Елеусінов,Жасұлан Таңатаров, Әли Есениязовқа «Алғыс хат» табыс етті.
Мамандардың айтуынша Исатай ауданында жастар арасында 8 еріктілер тобы құрылып, 230 жас қамтылған. Аудан бойынша – «Аққыстау иман жастары», «Алғыс жастары», «Жас тілшілер», «Қол соз», «Мейірім», «Исатай Аяла», «Белсенді», «Жас орта» еріктілер топтары жұмыс жасайды. «Отыз қайырымды игі іс» аясында Нарын ауылының тұрғыны, жетім балаларды қамқорлығына алған патронат ана Рахима Мухзуароваға баспана алып беру мақсатында аудан жастарының және еріктілердің қолдауымен 1,5 млн. теңгенің сертификаты берілді. Тілсіз жаудың кесірінен баспанасыз қалған Қызыл үй елді мекенінің тұрғыны Уахитов Серік Қабиденұлына аудан еріктілердің қолдауымен 360 мың теңге және ауыр дертке ұшырап, Түркия мемлекетінде ем қабылдап жатырған Аққыстау орта мектебінің оқушысы Әмірғали Жарқынға түрлі шаралар мен жәрмеңкелер арқылы 18 113 762 тенге, Жанбай ауылының тұрғыны Абатұлы Дәуренге 875 мың теңге, Аққыстау ауылының тұрғыны Дәулетқалиевға Шолпанға 1,1 млн теңге, Аққыстау ауылының тұрғыны, кішкентай бүлдіршініміз Айбибінің еміне 400 000 теңге қаражат көмек берілді. «Исатай аяла» еріктілер тобының ұйымдастыруымен жерлесіміз Нұрали бауырымызға 1миллион 400мың қаражат жиналды.Жақсылыққа жаны жақын аудан жастарының ерікті болуға деген құлшыныстары күннен күнге артып келеді.Айтулы мерекеде ауданымыздың жастар жанашырлары да назардан тыс қалмады. Аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің құттықтау алғыс хатымен Гауһар Төлегенқызы, Еркебұлан Зинеденов, Салтанат Сатхан, Мадияр Жұмажанов, Айгерім Наурызғалиева марапатталды.
Аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Азамат Жанболатұлы бір топ ерікті жастарға "Алғыс хатпен" марапаттады. Бұл марапаттар болашағыннан зор үміт күтетін, елінің ертеңі үшін тыңбай еңбек ететін саналы да еркін, нағыз жалынды жастар үшін зор мәртебе. Осындай қолдау барда алынбайтын белес, аспайтын асу жоқ. Мерекелік кеште жастардың өзі сияқты жалынды да көңілді ән мен биге толы өтті. Концертке жиылған жұрт тамаша көңіл күйге бөленіп тарқасты.