Исатай ауданында жемқорлыққа қарсы бекітілген Тұжырымдама таныстырылды

Бүгін Исатай ауданында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Досанов аудан активімен көшпелі кездесу өткізді.

Ерлан Досанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бағытында елімізде орын алып жатқан бірқатар оң өзгерістер жөнінде айтып өтті.


-Биыл ғана жаңа Тұжырымдама бекітілді. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үш негізгі компоненттен тұрады.
Біріншіден, адам жемқор болғысы келмеуі керек. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, адамның санасында оның зұлымдық екенін түсіну керек. Бүгінгі жиынның бір мақсаты сол.
Екіншіден, адам жемқор бола алмауы керек. Бұл да алдын алу блогы, бұл заңдарда қамтылған сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою. Яғни, жосықсыз мемлекеттік қызметшілерге өздерінің лауазымдық жағдайын жеке мақсатта пайдалануға мүмкіндік беретін нормалар. Олар қазіргі таңда тәуекелдерді ішкі және сыртқы талдау механизмдермен жүзеге асады.
Үшіншіден, адам жемқор болудан қорқуы керек. Бұл қылмыстық-құқықтық шаралар. Бұл да алдын алу, сыбайлас жемқорлар жауапкершілікке тартылған кезде, екіншісі 10 рет ойланады.
Егер біз осы үш компонент бойынша тиімді жұмыс істейтін болсақ, онда сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендейді. Біз алғашқы екі компонентке басымдық береміз. Агенттікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тәуекелдерді жою мәселелерімен айналысатын превенция қызметі бар,-деді ол.

7a56ade7-d175-411f-a311-8ce84a5322c9

 

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер жобаларына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама қорытындыларына Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің тоқсан сайын жүргізетін мониторинг бойынша Исатай ауданы жергілікті атқарушы органдарымен бірқатар шаблондық ескертулер орын алған.
Егер жемқорлыққа қарсы шараларды, оның ішінде ішкі талдауды тиісінше жүргізбеген жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 680-бабына сәйкес, мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін сыбайлас жемқорлық әкімшілік жауапкершілік бар екендігін, оның салдары 600 мың теңге айыппұл салу және қызметтен теріс себептермен шығуға әкеп соғатынын ескертті.

a1688c51-67ff-4b58-bab6-0b99a25edf64


Сонымен бірге, қазіргі таңда елімізде ауқымды демократияландыру процестері жүріп жатқанын, Мемлекет басшысының өзі жемқорлыққа қарсы бағытты ұстанатынын алға тартып, қызметті адал атқаруға шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521