Исатай ауданында Жеңістің 78 жылдығына орай "Боздақтар" ескерткішіне гүл шоғы қойылды

Исатай ауданында Жеңістің 78 жылдығына орай "Боздақтар" ескерткішіне гүл шоғы қойылып, тағзым етілді деп хабарлайды Исатай аудан әкімдігі.

Ғұмырымыздағы  аса  қуанышпен  қарсы  алатын мерекелеріміздің бірі — Жеңіс күні. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса да ұрпаққа ең ыстық мейрам болып қала береді.

Сондай-ақ, бүгін 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне орай Аққыстау ауылдық округінің орталық алаңында "Боздақтар” ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. Аудан орталығында орналасқан мекемелер мен ардагерлер, мәслихат депутаттары, жастар, аудан тұрғындары ІІ Дүниежүзілік соғыста оралмаған, отан үшін жан кешкен батыр аталарымызды ерлігін ұлықтап, гүл шоғын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

 

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Рашид Муканов Жеңістің 78 жылдығымен құттықтап, елімізде тек ғана тыныштық пен бейбітшілік орнауына тілектестігін білдірді.Әрмен қарай, сөз легін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы - Жансих Маштахов жалғап, ауыл тұрғандарын Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521