4 желтоқсан күні Исатай ауданы, Зинеден ауылынан 25 шақырым (Каспий теңізінің жағалауынан шамамен 16 шақырым) жерде 10 балықшы мұз үстінде қалған.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты кері жағаға орала алмаған.
Іздеу-құтқару жұмыстарына жергілікті атқарушы органдар, ТЖД қызметкерлері, полиция департаменті, ҰҚК ШҚ 2201 "г" әскери бөлімі қатысты. Жалпы 7 техника мен жеке құрамдағы 20 адам атсалысты.
Алайда жоғалған балықшы А.Оразбаевтың айтуы бойынша, кешкі сағат 19.30-да балықшылар табылып, жағаға жеткізілген.
Құтқарылған балықшыларға медициналық көмек қажет болмады.
Атырау облыстық ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы