«Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
- Биыл Исатай ауданы бойынша «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 3 жоба жүзеге асырылуда. Соның негізінде Жанбай ауылында ауылішілік автомобиль жолдарын жөндеу, денешынықтыру – сауықтыру кешені, газ желісі құрылысының жұмыстары жүргізілуде, - деді аудан әкімі.
Аталған бағдарлама аясында атқарылып жатқан жобалардың бірі - Жанбай ауылында автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары. Бүгінде жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Нысанның аяқталу мерзімі – 2021 жыл. Екінші жоба - Жанбай ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың қазан айында басталды, аяқталуы 2021 жылдың наурыз айы. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылған Жанбай ауылындағы газ желісі құрылысы бүгінде аяқталған. Жүргізілген газ желісі құрылысының ұзындығы- 8,6 км, газ желісімен қамтылатын үйлер саны - 205.
Бұдан бөлек, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында үш қабатты 60 пәтерлі үш тұрғын үй салынып жатыр.