Исатай аудан орталығында референдум күні 9-дан бері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.Халық референдумға қатысып ғана қоймай, жәрмеңке аралап, қоржындары толы болып, тарқасуда.
Бұл жәрмеңкені аудан әкімдігі мен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ұйымдастырды. Ол жерде жергілікті сиыр еттері мен "Атырау Шағала" балық өнімдерін тұрғындарға тиімді бағада сатылды. Сонымен қатар, кондитерлік тәттілер және сүт өнімдері, және де қарбыздар тұрғындарға ұсынылуда.
Сағыныш Қайыр