Күні кеше Қазақстанның Халық әртісі, күйші-композитор, Атырау облысының және Исатай, Құрманғазы аудандарының Құрметті азаматы, домбырашы Әзидолла Есқалиевтің 90 жылдығына арналып "Нарын -достық мекені" атты облыстық күй байқауы өтті.
Шараның шымылдығын "Жалын" мәдениет үйі жанындағы халық ұлт-аспаптар оркестрі Құрманғазының "Балқаймақ" және Ә. Есқалиевтің "Фестиваль" күйлерімен ашты.
Алғашқы сөз кезегін аудан әкімі Нұрым Мусин алып, ол шараға келген қонақтарға, ұрпақтарына "қош келдіңіз" айтып, күйшінің қызы Алма Әзидоллақызына қазақы салтпен құрмет көрсетті.
Байқауға әр ауданнан бір-екі үміткерден, жергілікті жерден төрт күйші қатысты. Екі кезеңнен де іркілмей өтіп, өнер көрсеткен жас күйшілеріміз көрермен ықыласына бөленіп, ел рухын көтерді.
Нәтижесінде он бес қатысушы үміткерлердің ішінен ең жүйріктері оза шауып, бәйгенің алдынан келді
Сөйтіп бас жүлдені -Оспан Жанарыс (Исатай ауданы), бірінші орынды - Қайрат Жұмағалиев (Жылыой ауданы), екінші орынды Зейінбек Хамза (Атырау қаласы), үшінші орынды (үшеу)- Әбілқайыр Есентай (Исатай ауданы), Данагүл Ғинаятова (Индер ауданы), Зұлқарнай Қайратов (Атырау қаласы) иеленді. Соңында жүлделерге ие болған қатысушыларға алғыс хаттар мен серификаттар және заттай, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Аяпберген Салихов