Исатай ауданында Зинеден ауылдық округі әкімін сайлау басталды

Атырау облысы, Исатай ауданды Зинеден ауылында биылғы  маңызды саяси оқиға таңғы сағат 7.00-де басталды.

- Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңына сәйкес Зинеден  ауылдық округі әкімін сайлауға байланысты №136 учаскелік сайлау комиссиясы өз жұмысын бастады. Бұл біз үшін үлкен мереке. Себебі, ауыл әкімдерін халықтың сайлауы арқылы анықтау, Мемлекет басшысының билік пен бұқараның арасын жақындату мақсатында қолға алынған оң шара, - дейді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айсұлу Сатқалиева.

Оның айтуынша, Зинеден  ауылдық округіне қарасты №136 сайлау учаскесінде  778 сайлаушы тіркелген. Ауыл әкіміне кандидат 3 үміткер бар. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521