Исатай ауданындағы ахуал мамырда да мәз емес

Мәселен, өткен жылдың 21 мамырынан бастап, биылғы жылдың 25 мамырына дейін ауданда 341 ауру есепке алынса, үстіміздегі жылдың бес айында 80 ауру тіркелген.

Жалпы Атырау облысы бірнеше апта бойы қауіпті аймақта тұрғаны сияқты біздің ауданымызда да сәуір айында аурушылық одан әрі өсіп кеткен. Қаңтар айында - 7 жағдай, ақпанда- 3, наурызда - 9 жағдай тіркелген болса, сәуір айында - 36 жағдай, ал, мамыр айының 25 жұлдызына дейін - 25 жағдай анықталған. Осы көрсеткіштің өзінен-ақ біздің ауданда аурушылықтың қандай деңгейде қарқынды өскенін байқау қиынға соқпайды десек те болады.

Округтар бойынша Аққыстаудан - 34, Х.Ерғалиевтан - 19, Тұщықұдықтан - 3, Жанбайдан - 10, Нарыннан - 2, Исатайдан - 11, Забурыннан - 1 жағдай анықталған. Оның үстіне сәуір айынан бастап, жұқпалы респираторлық вирустық инфекция түрінде ауырып қаралып, клиникалық белгілермен анықталғандар саны да артқан. Сондай-ақ ұйымдасқан ұжымнан да аурушылық арта түскен. Соның ішінде жоғары тыныс жолдары инфекциясы ауру белгілерімен дәрігерге қаралмай, қаралса да, олардың талабын орындамай, апталап жұмыста жүру фактілері де кездесіп қалуда.

Яғни, өз бетімен ем қабылдап, жұмыста жүре береді. Жағдайы ауырлағанда ғана дәрігерге келеді. Осы уақыттарда ол айналасына қауіп төндіретінін білмейді.

Ал, осы жылдың мамыр айының соңғы екі аптасында Исатай ауылында коронавируспен ауырғандар саны 11 адамға жеткен.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT