Исатай ауданындағы азаматтық белсенділік: 612 өтініш, 507 қабылдау, 10 айдың есебі

 

Исатай ауданы бойынша 2025 жылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы негізінде    жергілікті атқарушы органдарға «е–Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 612 өтініш келіп түсті. Келген өтініштерде көтерілген мәселелерді сипатына қарай жіктесек, арыздар–32,3% (198), шағымдар–0,4% (3), ұсыныстар–11,6% (72), хабарламалар, сұратулар мен үн салулар–55,3% (339). Бұл көрсеткіш өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 5,3%–ға  өсіп отыр. Арыздардың басым көпшілігі тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер пайдалану құқықтары, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту және т.б. мәселелерін қамтыған. 

Азаматтардың өзекті мәселелері бойынша:
ТОП -1: Білім беру мәселесі өтініштер саны - 217 (35,4%);  
ТОП -2: Ауыл шаруашылық, жер  мәселелері бойынша - 145 (23,6%);  
ТОП-3: Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық мәселелері – 250 (40,9%).

Жеке қабылдаулар бойынша:
2025 жылдың қаңтар-қазан айлары бойынша Исатай ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кезеңде 448 қабылдауы ұйымдастырылып, 507 азамат жеке қабылданды. 

Оның ішінде 10 айда аудан әкімімен 32 қабылдау ұйымдастырылып, 88 азамат жеке қабылданды. Аудан әкімінің орынбасарларымен 13 қабылдау өткізіліп, 13 адам қабылданды, аудан әкімі аппараты басшысымен 7 адам қабылданды. Қабылдау нәтижелері бойынша 366 өтініш заңға сәйкес түсінік беріліп, 126 өтініш оң шешілді. Өтініштердің көбі тұрғын үй, жер қатынастары және жұмыспен қамту мәселелері.

Азаматтарды қабылдау орталықтары жұмысы бойынша:
Ағымдағы жылы аудан бойынша Азаматтарды қабылдау орталықтарына (АҚО-ға) келген азаматтардың саны – 74, оның ішінде: кеңес алғандар  саны – 33, МО басшыларының жеке қабылдаған азаматтарының саны – 41.

Сондай-ақ, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жиі қойылатын сұрақтар:
Жаңадан орналасқан жерлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу мәселелері бойынша қайда жүгінуге болады?
Жаңа жер учаскелеріне ИКИ жүргізу және кәріз желілері мәселелері бойынша Исатай аудандық құрылыс бөліміне хабарласуға болады.
Жеке меншігіміздегі жерлерімізге асфальт қалдықтарын (фреза) төсеуге көмек сұрайын деп едім?
Жергілікті бюджетте жеке меншік жерлерге асфальт (фреза) қалдықтарын төсеу бойынша жұмыстарды қаржыландыру көзделмеген. Алайда, болашақта бұл мәселе демеушілер арқылы мүмкін болған жағдайда қарастырылуы мүмкін. 
Жеке кәсіпкерлікті онлайн қалай тіркеуге болады?

Жеке кәсіпкерлікті (ЖК) үйден шықпай-ақ Еlicense.kz порталының көмегімен тіркеуге болады. Ол үшін: 
1) тіркеуден өту; 
2) «Қызмет көрсету» бөлімін таңдау; 
3) «Қызметтерді іздеу» жолағын тере отырып, «Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама» қызметін табу;
4) өтінішті толтыру; 
5) ЭЦҚ көмегімен растау. 
Мемлекеттік сатып алуға кімдер қатыса алады?
Мемлекеттік сатып алуға жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) және кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғалар қатыса алады. 
Мемлекеттік сатып алудың тәсілдері қандай?

Мемлекеттік сатып алу: 
- конкурс; 
- аукцион; 
- баға ұсыныстарын сұрату; - бір көзден; 
- тауар биржалары арқылы; 
- электрондық дүкен тәсілдері арқылы жүргізіледі.
Құрылысқа рұқсатты қалай алуға болады?

Құрылысқа рұқсат алуға көмектесетін негізгі қадамдар: 
1) жобалау құжаттамасын дайындау; 
2) қажетті құжаттарды жинау; 
3) өтініш беру; 
4) мемлекеттік бажды төлеу; 
5) қарауды күту; 
6) рұқсат алу; 
7) құрылыс жұмыстарын бастау.
Объектіні пайдалануға қабылдау қалай жүзеге асырылады?

Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау үшін төмендегі шарттарды орындауы тиіс:
1) жобаның толық әзірлігі; 
2) сәйкестік декларациясы; 
3) құрылыс жұмыстарының сапасы; 
4) орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар; 
5) атқарушылық-техникалық құжаттаманың толықтығын тексеру.
Тапсырыс беруші объектіні тексеріп, барлық қажетті құжаттарды жинап, оларды қарап шыққаннан кейін, объектіні пайдалануға қабылдау туралы шешім қабылдайды. Егер барлық талаптар орындалса, тапсырыс беруші объектіні ресми түрде пайдалануға қабылдайды.


Әкімнің жеке қабылдауына қалай жазылуға болады?

ҚР ӘРПК-нің 90-бабына сәйкес, мемлекеттік орган басшылары мен олардың орынбасарлары айына бір рет азаматтарды жеке қабылдауға міндетті. Қабылдау «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы тіркеліп, алдын ала хабарланады. Немесе жергілікті атқарушы органға келіп жазылуға болады. Жеке қабылдаудың уақыты мен күні көрсетілген хабарлама «е-Өтініш» жүйесі арқылы Сіздің байланыс телефоныңызға 1414 - бірыңғай байланыс орталығы арқылы жолданатын болады.

Әкімшілік орган шығарған шешімге келіспесеңіз қалай шағым түсіруге болады?

Әкімшілік шешіммен келіспеген жағдайда: 
1) жоғары тұрған органға жазбаша шағым дайындауға;
2) шағымды сол органға жолдауға; 
3) келіспеген жағдайда 1 ай ішінде әкімшілік сотқа арыз беруге болады. 

Өтініштерді қараудың мерзімі қандай?

Өтініштерді қарау мерзімі: 
- қарау үшін ақпарат алу немесе талап етілмейтін өтініштер – 15 жұмыс күні ішінде; 
- ақпарат алу немесе тексеру талап етілмейтін өтініштер – 15 жұмыс күні ішінде; 
- қарау мерзімі ұзартылса өтініш берушіге 3 жұмыс күні ішінде хабарланады. 

Егер мәселе ұзақ уақытта талап етсе, өтініш бақылауға қойылады және өтініш берушіге 3 жұмыс күні ішінде хабарланады. 
Өтінішті қалай кері қайтарып алуға болады?

Өтінішті қайтарып алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет: 
1)https://eotinish.kz сайтында авторизациядан өту; 
2) «Менің өтініштерім» бөлімінде қайтарып алғыңыз келетін өтінішті табу; 
3) «Өтінішті кері қайтарып алу» батырмасын басу; 
4) себебін көрсетіп, ЭЦҚ немесе Digital ID арқылы қол қою; 
5) мемлекеттік орган өтінішті қарап, шешім шығарады. Оң жауап болған жағдайда «Кері қайтарып алынды» мәртебесі шығады

Қандай жолданымдар «е-Өтініш» АЖ-де есепке алынбайды?

«е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде келесідей жолданымдар есепке алынбайды: 
1) қызметтік құжаттар; 
2) жоғары тұрған органның нұсқаулары мен тапсырмалары; 
3) жарнамалық ұсыныстар;
4) азаматтық, қылмыстық әкімшілік істер; 
5) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жолданымдар, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңның 4-бабы 1-тармаығының 3)тармақшасынан басқа. 

Қоғамдық көліктің жұмысына қалай шағымдануға болады?

Қоғамдық көліктің сапасына, атап айтқанда, көліктердің сирек жүруі, толып кетуі немесе кестені сақтамау бойынша шағымдарды Исатай ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөліміне хабарласа аласыз.

Кімдер дәріні тегін ала алады?
Дәрі-дәрмектерді тегін ала алатын азаматтар:  
1) созылмалы аурулары бар адамдар; 
2) медициналық көрсеткіштері бар адамдар; 
3) зейнеткерлер; 
4) көп балалы отбасылар; 
5) мүгедектігі бар адамдар. 
Тегін дәрі-дәрмек алу құқығын растайтын құжаттарды (мысалы, жеке куәлік немесе мүгедектік туралы куәлік) ұсыну қажет болуы мүмкін.

Медициналық сақтандыруды қалай рәсімдеуге болады?
Медициналық сақтандыруды рәсімдеу процесі бірнеше қадамнан тұрады: 
1) сақтандыру түрін таңдау; 
2) құжаттарды дайындау; 
3) сақтандыру компаниясын таңдау; 
4) сақтандыру полисін рәсімдеу; 
5) полис шарттарын талқылау; 
6) полисті алу;
7) полисті пайдалану; 
8) полистің мерзімін бақылау. 

Тегін медициналық қызметтерді кімдер ала алады?
Тегін медициналық қызметтерді алуға құқығы бар азаматтардың тізімі: 
1) балалар;
2) зейнеткерлер; 
3) мүгедектер; 
4) медициналық көрсеткіштер бойынша; 
5) көп балалы отбасылар; 
6) соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар;
7) әлеуметтік жағынан осал топтар; 
8) студенттер.

Жұмыссыз ретінде қалай тіркелуге болады?

Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жеріндегі мансап орталығына тікелей немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тіркеле алады.

Жұмыссыздарға жәрдемақы беріле ме және оның мөлшері қандай?
Иә, жұмыссыз ретінде тіркелген және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындалады. 
Төлем мөлшері азаматтың соңғы 24 айдағы орташа айлық табысының 40 пайызын құрайды және төлеу мерзімі әлеуметтік аударымдар жүргізілген кезеңге байланысты белгіленеді. 

Инватакси қызметін қалай алуға болады?

Инватакси қызметі — бұл мүгедектігі бар адамдарға немесе қозғалыс қабілеті шектеулі азаматтарға арналған арнайы такси қызметі. 

Қызметті алу үшін: 
1) қызмет ұсынатын ұйымды анықтау; 
2) медициналық құжаттарын (комиссия қорытындысын) негізге алып, өтініш беру; 
3) көліктің қолжетімділігіне көз жеткізу. 

Таксиге отырғанда, қажет болған жағдайда жүргізушіден көмек сұрауға болады. Сонымен қатар, қызмет көрсетілгеннен кейін, егер сізде ұсыныстар немесе шағымдар болса, оларды ұйымға жеткізуіңізге болады. 
Қайтарымсыз мемлекеттік гранттар дегеніміз не және олар кімдерге арналған?
Гранттар халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін беріледі. 

Гранттар: 
1) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға; 
2) көп балалы отбасыларға; 
3) әлеуметтік төлем алушыларға; 
4) қоныс аударушыларға; 
5) қандастарға; 
6) еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдарға; 
7) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға беріледі.

Гранттар легтер бойынша және комиссия шешімдерімен беріледі.
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жәрдемақыны кімдер ала алады?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй алу үшін бюджеттік кредит ауылға келген дипломды мамандар мен мемлекеттік қызметшілерге беріледі. Жәрдемақы 39 жұмыс күн ішінде, тұрғын үй алу үшін несие 30 жұмыс күн ішінде рәсімделеді. Қызмет тегін, www.minagri.gov.kz сайтынан толық ақпарат ала аласыз. 
Жұмысынан айырылған жағдай бойынша әлеуметтік төлем қалай алуға болады?

Жұмысынан айырылған жағдайда төлем алу үшін азамат Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысып, Қорға аударым жасаған болуы тиіс. Төлем ұзақтығы – 1-6 ай, мөлшері – орташа табыс пен сақтандыру өтіліне байланысты. 

Өтінішті «Egov.kz», «Enbek.kz», «Мансап орталығы» немесе «ХҚКО» арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар: 
- өтініш; 
- жеке куәлік (немесе болған жағдайда қандас куәлігі).   

Жұмыссыз азаматтарға мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі?

Мемлекет жұмыссыз азаматтарға келесі бағыттар бойынша қолдау көрсетеді: 
- тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жолдау; 
- қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына қатысу мүмкіндігін ұсыну;
- әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру;
- кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және гранттар беру.

Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге тағайындалмайды?

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) келесі жағдайларда тағайындалмайды: 
- отбасы табысы кедейлік шегінен асып тұрса; 
- тексеруден бас тартса; 
- қажеттілік жоқ деген комиссия қорытындысы болса; 
- еңбекке қабілетті адам жұмыспен қамтудан бас тартса (кейбір санаттардан басқа); 
- бұрынғы келісімді бұзып, міндеттемелерді орындамаса; 

- жалған мәлімет немесе құжат тапсырылса (6 ай ішінде).  

Іс- әрекетке қабілетсіздер деп танылған азаматқа қамқоршылық тағайындау дегеніміз не және ол қалай рәсімделеді?

Іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматқа қамқоршылық тағайындау - бұл денсаулық жағдайына немесе басқа себептерге байланысты өз бетінше шешім қабылдай алмайтын және өз істерін басқара алмайтын адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қамқоршы тағайындалатын процесс.

Қамқоршылықты тағайындау процесі: 
1) іс-әрекетке қабілетсіз деп тану; 
 2) қамқоршыны тағайындау; 
3) құжаттарды ресімдеу; 
4) қорғаншылықты тіркеу. 

Кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

Кәсіпкерлік мақсаттар үшін жер учаскелерін беру тәртібі: 
1) аукционның жариялануы; 
2) қатысу үшін тіркелу; 
3) аукцион өткізу; 
4) келісімшарт жасау. 

Келісімшарт жасалғаннан кейін жер учаскесі жеңімпазға беріледі.

Негізгі талаптар - жер учаскесін алу үшін өтініш беруші заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болуы тиіс.
Аукционға қатысу үшін қажетті құжаттарды (мысалы, өтініш, қаржылық құжаттар) дайындау қажет.
Жер учаскесінің мақсаты мен пайдалану шарттары аукцион барысында анықталады.

Егер сізде аукционға қатысу немесе жер учаскесін алу туралы қосымша сұрақтар болса, жергілікті атқарушы органдармен немесе тиісті мемлекеттік мекемелермен байланысуыңызға болады. 

Тұрғын үй салу үшін жер телімі кезегіне қалай тұруға болады?

Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер теліміне EGov.kz порталы арқылы онлайн өтінім беріп, кезекке тұруға болады. Ол үшін порталға кіріп, «Жылжымайтын мүлік» - «Жер қатынастары» бөлімінен «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» қызметін таңдау қажет.  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT