Исатай ауданындағы медициналық мекемелеріне –5 жаңа көлік

Атырау облысы әкімдігінің  қолдауымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы Исатай ауданындағы медицина мекемелеріне 5 су жаңа «ГАЗель соболь» автокөлігінің  кілтін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Жанбай және  Нарын ауылдық   дәрігерлік амбулаторияларына бір автокөліктен берілсе, Исатай және Зинеден ауылдық дәрігерлік амбулаторияларына бір жедел жәрдем автокөлігі және Қамысқала мен Тұщықұдық ауылдық дәрігерлік амбулаторияларына бір-бірден автокөлік табысталды. Сондай-ақ, Исатай аудандық ауруханасына  да жедел жәрдем автокөлігі тарту етілді.

Игілікті істі паш еткен автокөлік кілттерін табыс ету салтанатты шарасына аудан әкімі Полымбет Хасанов, аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан және аудан әкімі аппаратының басшысы Абзал Байсалбаев қатысты. Сонымен қатар аталмыш шараға аудандық аурухананың директоры Бекболат Камалов және емхана қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Автокөлік кілтін табыстаған аудан басшысы сөз алып, жаңа автокөліктердің толығуымен медицина мамандарын құттықтады.

  • Құрметті медицина саласының қызметкерлері! Бүгінгі күн - сіздер үшін қуанышты күн. Бұған дейін  кейбір мекемелерде талапқа сай  жаңа көліктің жетіспеушілігі салдарынан сіздердің көптеген кедергілерге тап болып жүретіндеріңіз белгілі. Соған қарамастан аудан тұрғындарына көрсеткен адал қызметтеріңіз қай кезде де біздің басты назарымызда. Аудандық медицина мекемелеріне жаңа автомобильдермен қамтамасыз ету өңірдегі медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз. Тұрғындарға сапалы әрі жедел қызмет ету жолында техниканың да озық болғаны абзал. Мұның бәрі аудан халқы үшін жедел және шұғыл меди­ци­налық көмекті уақтылы көр­се­туге мүмкіндік береді, -деді Полымбет Хасанов.

Су жаңа жедел жәрдем автокөліктері қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартқалы отыр.Осы тұрғыда

  • Аталмыш автокөліктердің бір ерекшелігі жол талғамауында яғни құмды жерлер мен шалғай ауылдарға еш қиындықсыз жүре алатын автокөлік болып табылады. Науқастар тасымалдауға арналған көліктің ішінде жататын орын бар және  науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құралмен-жабдықтармен қамтамасыз етілген,-деді Исатай аудандық аурухананың директоры Бекболат Камалов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521