«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық сенбілігі аясында ауданымызда да «Таза жағалау» акциясы ұйымдастырылды.Оған ауданымыздың барлық округтері бойынша 72 кәсіпорын, мекемеден 752 адам шықты. Олар белгіленген канал бойларында тазалық жұмыстарын жүргізіліп, 27 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды.
Мәселен, Аққыстау ауылдық округінде аталған экологиялық шараға округ аумағындағы 40 кәсіпорын, мекеме ұжымдарынан 200 қызметкер қатысып,белсенділіктерін танытты.Акция барысында атқарылған жұмыстар негізінен округ көлеміндегі Нарын,Бақсай,Моңғол каналдары жағалауында жүргізілді.Сенбілік нәтижесінде, жинақталған 5 тонна қоқыс қалдықтары арнайы көліктерге тиеліп, тиісті орындарға шығарылды.
Жалпы аудан бойынша округтерде өткізілген тазалық шараларына 10 дана арнайы техника да жұмылдырғанын айта кетсек болады.
Сағыныш ҚАЙЫР