Исатай ауданында қатерлі індет жұқтырғандар 40-тан асты

Исатай ауданындағы эпидемиологиялық ахуал күннен-күнге өршуде.

Кеше ғана, яғни, 22 маусым күнгі мәлімет бойынша ауданымыздан шыққан науқастар саны 21-ге жеткенін жариялаған болатынбыз. Ал 23 маусым күнгі ақпарат бойынша бұл көрсеткіш екі еселеніп отыр. Бұл жайлы Исатай ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Бақытгүл Қартмағанбетовадан білдік.

- Соңғы ақпарат бойынша ауданымыздан тағы 21 жағдай тіркелді. Олардың 4-еуі Тұщықұдық ауылынан, 1-еуі Жанбай ауылынан, 16-сы Аққыстаудан шығып отыр. Инфекция жұқтырғандар симптомсыз және олар скринингтен өту кезінде анықталған, - дейді Бақытгүл Қартмағанбетова.

Қатерлі індет жұқтырғандар саны 40-тан асты. Бұл бейжайлықты қойып, сақтық шараларын күшейту қажеттігін білдіреді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз